04.12.2025 ж. сағат 14-00де мектепте сейсможаттығу ұйымдастырылды.
04.12.2025 ж. сағат 14-00де мектепте сейсможаттығу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде оқушылар мен қызметкерлердің дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін пысықтау. Жаттығу барысында оқу дабылы беріліп, барлық қатысушылар белгіленген эвакуациялық бағыттар бойынша қауіпсіз аймаққа уақытылы шықты. Мұғалімдер мен жауапты мамандар эвакуация процесін бақылап, жаттығудың орындалу сапасын бағалады.