Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Тәуелсіздік - тұғырым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
10
желтоқсан
2025
«Тәуелсіздік - тұғырым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мектеп кітапханасында жалпы оқырман қауымға 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік - тұғырым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, – Тәуелсіздік күнінің маңызын, еліміздің бүгіні мен болашағын терең тарихымызбен байланыстыра отырып насихаттау.
Педагогикалық шеберлікті арттыру: Авторлық бағдарламалар  мен тәжірибе алмасу”
10
желтоқсан
2025
Педагогикалық шеберлікті арттыру: Авторлық бағдарламалар мен
Аттестатталушы педагогтердің авторлық бағдарламалары негізінде педагогикалық тәжірибені тарату, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған инновациялық әдіс-тәсілдермен таныстыру, мұғалімдер арасында кәсіби ынтымақтастық пен өзара қолдауды нығайту, жаңа идеяларды енгізу және мектептер арасында тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету. Зум конференцияда келесі ұстаздар авторлық бағдарламасымен таныстырып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. 1. Кожабекова Айбану
"Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым!"
10
желтоқсан
2025
"Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым!"
"Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай 3 "А" сыныбында "Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым!" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар тәуелсіздікке арнап тақпақ, өлең жолдарын арнап, қойылым көрсетті. Сынып жетекшісі: Шодярова М. А.Тәуелсіздігіміз тұғырлы, халқымыздың рухы қашанда биік болсын! Тәуелсіздік күні құтты болсын!
«Адал ұстаз» қалалық байқауы
10
желтоқсан
2025
«Адал ұстаз» қалалық байқауы
№59 мектеп-гимназиясында өткен «Адал ұстаз» қалалық байқауының аудандық кезеңінде мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бахдаулетова А.Б. жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды 🎓👏 Әріптесімізді шын жүректен құттықтай отырып, қалалық кезеңде сәттілік тілейміз!