«Өз қабілетіңді танып, болашағыңды таңда» сынып сағаты
Бүгін 9 «Ә» сыныбымен «Өз қабілетіңді танып, болашағыңды таңда» тақырыбында профориентациялық сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушылардың өз қабілеттері мен қызығушылықтарын танып-білуіне жағдай жасау, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт беру. Сабақ барысында оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығы, жеке қабілет пен бейімділіктің болашақ өмірдегі рөлі туралы түсіндірілді. Әр түрлі мамандық түрлері, олардың қоғамдағы орны мен сұранысы жөнінде мәліметтер