Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
қыркүйек
2025

"Үлгі тұтатын ұстазым" чэлленджі

2025 жылдың қазан айында мектебімізде "Үлгі тұтатын ұстазым" атты чэллендж ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ұстаз еңбегінің маңызын насихаттау, оқушылардың сүйікті мұғалімдеріне деген құрметін арттыру, педагогикалық мамандыққа қызығушылықты ояту.

Чэлленджге 9–11 сынып оқушылары белсене қатысып, өздері үлгі тұтатын ұстаздары туралы жылы лебіздерін білдіріп, әлеуметтік желілерде пост, видео немесе шығармашылық жұмыстар арқылы бөлісті. Кейбір оқушылар арнайы ашық хаттар мен бейнеқұттықтаулар дайындады.

Іс-шара оқушылар мен мұғалімдер арасында жылы қарым-қатынас орнатып, ұстаздарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Чэллендж аясында жарияланған ең әсерлі жұмыстар мектеп қабырғасында және әлеуметтік желілерде жарияланды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: