Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
желтоқсан
2025

PISA халықаралық зерттеуі

Бүгін 3-желтоқсан күні оқушылар халықаралық PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуінің тестін тапсырды.
PISA – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жүргізетін, 15 жастағы оқушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығын, сондай-ақ алған білімдерін нақты өмірлік жағдайларда қолдану қабілетін бағалайтын халықаралық бағдарлама.
2025 жылғы PISA зерттеуі Қазақстанда 24 қараша мен 5 желтоқсан аралығында жүргізілуде. Ел бойынша 40 мыңнан астам 15 жастағы оқушылар қатысып жатыр. Биылғы циклде үш негізгі бағытпен бірге «цифрлық ортадағы оқу» дағдыларын бағалау да енгізілген. Зерттеудің нәтижелері елдегі білім беру сапасын саралап, оқу бағдарламаларын жетілдіруге негіз болады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: