Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
ақпан
2026

«ЕТЭК» колледжінде Ашық есік күні өткізілді

Бүгін «ЕТЭК» колледжінде Ашық есік күні өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға колледждің білім беру бағыттары мен мамандықтары туралы толық ақпарат берілді. Атап айтқанда, әр мамандықтың ерекшеліктері, оқу мерзімі, оқу үдерісі және болашақтағы жұмыс мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар 2026–2027 оқу жылына бөлінген мемлекеттік гранттар саны жөнінде мәліметтер ұсынылды.

Колледж қызметкерлері мен оқытушылары қатысушыларды оқу корпустарымен таныстырып, арнайы кабинеттерді, зертханаларды, шеберханаларды және оқу аудиторияларын көрсетті. Материалдық-техникалық база, заманауи құрал-жабдықтар туралы да ақпарат берілді.

Іс-шара барысында оқушыларға түрлі танымдық және қызықты ойындар ұйымдастырылып, белсенді қатысқан оқушыларға шағын сыйлықтар табысталды. Ашық есік күні жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушылар колледж туралы жан-жақты мәлімет алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Қорытындылай келе, өткізілген іс-шара оқушылардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуына мүмкіндік берді

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: