Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Антон Павлович Чеховтың туғанына 165 жыл
30
қаңтар
2025
Антон Павлович Чеховтың туғанына 165 жыл
Кітапханашылардың ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында орыс жазушысы, драматург Антон Павлович Чеховтың туғанына 165 жыл толуына орай "Прекрасный мир удивительного человека" тақырыбында кітап көрмесі қойылды.  8 "Б" сынып оқушыларымен "А.П.Чехов - писатель и драматург" тақырыбында ауызша журнал өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға ақынның өмірі мен шығармаларын таныстыра отырып,кітап оқуға деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті арттыру.  
Үздік   мектеп   үкіметінің   сайлау   жүйесі
27
қаңтар
2025
Үздік мектеп үкіметінің сайлау жүйесі
Мектеп парламенті Дүниежүзілік сайлау күніне арналған байқауға қатысуда! Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу үшін біздің мектеп парламенті «Үздік мектеп үкіметінің сайлау жүйесі» байқауында өзінің сайлау жүйесін ұсынады. Біз ашықтық, адалдық және студенттердің қатысу қағидаттары болашақтың белсенді және саналы көшбасшыларын дамытуға көмектесетінін мақтан тұтамыз! Школьный парламент участвует в конкурсе ко Всемирному дню выборов! В рамках празднования Всемирного дня выборов наш Школьный
Сынып   сағаты /   Классный  час
27
қаңтар
2025
Сынып сағаты / Классный час
Мектебімізде  біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылар үшін маңызды тақырыптар қарастырылған сынып сағаттары ұйымдастырылды. Бұл сабақтардың басты мақсаты – жас жеткіншектерді өз құқықтары мен міндеттерін түсінуге, сондай-ақ қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Сабақ барысында қоғамдық қауіпсіздік, зорлық-зомбылықтың алдын алу, баланың құқығы мен үй жағдайындағы қауіпсіздік тақырыптары кеңінен талқыланды. Оқушыларға өз өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қандай шаралар
"Көңілді  старт" спорттық   ойын-сайыс
23
қаңтар
2025
"Көңілді старт" спорттық ойын-сайыс
"Көңілді  старт" спорттық   ойын-сайыс. 5  "А"  сынып   Мақсаты: Балаларға денені шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау сергек болуына көмектесетінін түсіндіру. Балалардың көтеріңкі көңіл - күйде болуын қалыптастыру, тепе - теңдікті сақтау, шынықтыру жаттығуларына, сайыстың шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру.
"Жемқорлық  құқық   бұзушылық   картасы"   жобалар  байқауы
22
қаңтар
2025
"Жемқорлық құқық бұзушылық картасы" жобалар байқауы
22.01.2025ж. Жемқорлық  құқық   бұзушылық  картасы»  9-сынып   оқушылары  арасында   жоба  байқауы  өтті.  Бұл байқаудың мақсаты — оқушыларды жемқорлықтың зияны мен оның қоғамға келтіретін қауіптері туралы ақпараттандыру, сондай-ақ жас ұрпаққа әділдік, адалдық, құқықтық мәдениет пен жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру. Жобада оқушылар жемқорлық құқық бұзушылықтарын визуалды түрде көрсету үшін түрлі карталар, инфографика мен диаграммалар құрастырып, жемқорлықтың салдарын және оның алдын алу
"Халық жүрегіндегі қаламгер" Ілияс Есенберлиннің туғанына 110   жыл толуына орай, жазушының өмірі мен шығармашылығынан кітап көрмесі
22
қаңтар
2025
"Халық жүрегіндегі қаламгер" Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп  кітапханасында «Халық жүрегіндегі қаламгер» атты тақырыпта  аса көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110   жыл толуына орай, жазушының өмірі мен шығармашылығынан кітап көрмесі  ұйымдастырылып 10 «А» сынып оқушылары мен танымдық сағаты  өтті. Мақсаты: Оқушылардың жан-жақты дамуы үшін І. Есенберлиннің тарихи шығармалары, романдарды оқыта отырып, оларды талдап, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Отанын, туған жерін сүйетін
Қауіпсіздік  сабағы
21
қаңтар
2025
Қауіпсіздік сабағы
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұсынысымен үй жағдайындағы қауіпсіздік ережелері бойынша профилактикалық бейнеролик көрсетілді. Бұл бейнеролик тұрғындарға үйде болатын түрлі төтенше жағдайлардан сақтану үшін маңызды қауіпсіздік шараларын түсіндіреді. Бейнероликте мынадай негізгі тақырыптар қамтылған: 1.Отқа қауіпсіздік шаралары: Үйде өрт қауіпсіздігін сақтау, электр құрылғыларын дұрыс пайдалану, отты дұрыс жағу, өрт сөндіргішті қолдану сияқты маңызды ережелер көрсетілген.