"Көмек" бағдарламасы бойынша қауіпсіздік сабақтары " Жер
5–11 сынып оқушылары арасында «Жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер» тақырыбында қауіпсіздік сабақтары өткізілді. Сабақтың мақсаты — оқушыларға жер сілкінісі кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін үйрету, төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шараларымен таныстыру және өмір қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру. Сабақ барысында эвакуациялық жоспарлар көрсетілді, қауіпсіз орындар анықталды және практикалық әрекеттер жасалды.