"Мектебім саған мың алғыс!" салтанатты жиын
Мектеп — әр адамның өміріндегі ең алғашқы білім мен тәрбие ордасы. 11 жыл бойы шәкірттерге қанат қақтырған алтын ұямыз — бүгін түлектерін үлкен өмірге шығарып салып отыр. Бұл — қуаныш пен қимастық сезім қатар өрілген ерекше күн. "Мектебім, саған мың алғыс!" атты бүгінгі салтанатты жиын — жүректен шыққан ризашылықтың, сағыныш пен арманның тоғысқан сәті.