Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
9-сынып оқушыларына аттестат тапсыру рәсімі
13
маусым
2025
9-сынып оқушыларына аттестат тапсыру рәсімі
Мектебімізде 9-сынып оқушыларына аттестат тапсыру рәсімі сәтті өтті! 🌟 Бұл күн – білім баспалдағының маңызды бір кезеңі аяқталып, жаңа жолдың басталған сәті. ✨ Қымбатты түлектер, артта қалған жылдар – сіздердің еңбек, ізденіс, достық пен естеліктерге толы кезеңдеріңіз. Алда – жаңа мүмкіндіктер, жаңа белестер! 💐 Барша 9-сынып бітірушілерін жүрек жарды құттықтаймыз! Мақсаттарыңыз айқын, жолдарыңыз ашық болсын! 💫
✨ Қош бол, сүйікті лагерь!
09
маусым
2025
✨ Қош бол, сүйікті лагерь!
Мектебіміздің жанындағы жазғы лагерь нағыз қызық пен достықтың мекеніне айналды. Балалар жаңа достар тауып, түрлі ойындар мен шараларға қатысты. Соңғы күн – ерекше есте қалды! 🎤🎶 Ән, би, көңілді концерт және әсерлі қоштасу сәттері… Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, жүректен шыққан алғыстарын айтты. 💛 Бұл жаз – ұмытылмас естелікке айналды!
«Тұманбай жыры – тұнған сыр» атты тәрбие сағаты
08
сәуір
2025
«Тұманбай жыры – тұнған сыр» атты тәрбие сағаты
Халық жазушысы, Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай мектеп кітапханасында «Жүрегі жырдан жаралған» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, 7 «А» сынып оқушыларымен «Тұманбай жыры – тұнған сыр» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер бере отырып, оның әр түрлі тақырыпта жазған өлеңдеріне шолу жасау. Ақынның өлеңдерін жатқа оқу арқылы, оқушыларды мәнерлеп оқуға төселдіру, тұлғаны дамыту, ойлау қабілеттерін кеңейту.
"Жемқорлық  құқық   бұзушылық   картасы"   жобалар  байқауы
22
қаңтар
2025
"Жемқорлық құқық бұзушылық картасы" жобалар байқауы
22.01.2025ж. Жемқорлық  құқық   бұзушылық  картасы»  9-сынып   оқушылары  арасында   жоба  байқауы  өтті.  Бұл байқаудың мақсаты — оқушыларды жемқорлықтың зияны мен оның қоғамға келтіретін қауіптері туралы ақпараттандыру, сондай-ақ жас ұрпаққа әділдік, адалдық, құқықтық мәдениет пен жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру. Жобада оқушылар жемқорлық құқық бұзушылықтарын визуалды түрде көрсету үшін түрлі карталар, инфографика мен диаграммалар құрастырып, жемқорлықтың салдарын және оның алдын алу
Ұлы   Отан соғысы    ардагерін  құттықтау
30
қараша
2024
Ұлы Отан соғысы ардагерін құттықтау
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Ұлы ОТан соғысының тыл ардагері Пономарев Михаил Александровичті арнайы үйіне барып оқушылар құтттықтады. Ұрпағының болашағы үшін отқа түскен ардагерге оқушылар алғыс білдіріп, сый-сыяпатын табыстады. 
"“Ұлттық құндылықтар-бала тәрбиесінің қайнар көзі” тақырыбында қалалық семинар /городской методический семинар *«Национальные ценности — источник воспитания детей
31
қазан
2024
"“Ұлттық құндылықтар-бала тәрбиесінің қайнар көзі” тақырыбында
31.10.24 жылы мектебімізде Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖҒӘО және #74 ЖББ мектептің психологиялық-педогогикалық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында “Ұлттық құндылықтар-бала тәрбиесінің қайнар көзі” тақырыбында қалалық семинар өткізілді.  Семинарға қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі Сапарова Ақайша Амировна және Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖҒӘО әдіскері Колотвина Дарья Сергеевна қатысты.
"Тәуелсіздік    тұғырым!"    сурет  байқауы
24
қазан
2024
"Тәуелсіздік тұғырым!" сурет байқауы
5-7 сынып оқушылары арасында “Тәуелсіздік   тұғырым!” тақырыбында сурет байқауы өтілді.  Байқау мақсаты  - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру және  оларды елін, Отанына сүйетін, туған жерін қорғайтын патриотты азамат болуға тәрбиелеу
"Тәуелсіз  елдің   ұрпақтары"   челлендж
23
қазан
2024
"Тәуелсіз елдің ұрпақтары" челлендж
25 қазан-Республика күніне орай “Тәуелсіз елдің ұрпақтары” атты челлендж ұйымдастырылды. Бұл челлендж білім алушылардың патриоттық рухын тәрбиелеуде үлкен маңызы бар. Республика күні – еліміздің елдігін, мемлекетіміздің рәміздерін айқындайтын мазмұны терең, ұлы мереке.  #республикакүні#челлендж
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 51 Вперед