Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ұлт руханиятының шамшырағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
08
желтоқсан
2025
«Ұлт руханиятының шамшырағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
08.12.2025 ж. Мектеп кітапханасында қазақ халқының көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына арналған әдеби кеш өтті. «Ұлт руханиятының шамшырағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында 6 «Ә» сынып оқушылары М. Дулатовтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасымен танысып, оның қазақ халқының азаттығы жолындағы күресі мен ағартушылық қызметінің маңызы туралы терең мағлұмат алды. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты.
«Балалар кітапханасы»
08
желтоқсан
2025
«Балалар кітапханасы»
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында оқушыларды кітап оқуға насихаттау үшін «Мен оқыған бір кітап» атты библио-кросс акциясы өтті. Атауы танымал авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті оқуға беріліп, 15 үздік шығарма іріктелді. Аталған акцияның мақсаты қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, әрбір тұлғаның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың кітапқа деген ерекше көзқарасын қалыптастыру.
«Балалар әдебиетінің бағдары» атты кітап көрмесі
28
қараша
2025
«Балалар әдебиетінің бағдары» атты кітап көрмесі
74 ЖББ мектеп кітапханасында қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, жазушы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бағдары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ауызша журнал өткізілді. 10 «А» сынып оқушысы Жорахан Назым жазушының «Көксегеннің көргендері» атты кітабы туралы толық мәлімет берілген бейнетаспа көрсетіліп, оқырмандарға осы кітапты алып оқуға кеңес берілді.
"Теңге күніне" орай кітап көрме
20
қараша
2025
"Теңге күніне" орай кітап көрме
Мектеп кітапханасында "Теңге күніне" орай кітап көрме ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар теңгенің шығу тарихы, ұлттық валюта туралы қызықты мағлұматтармен танысты. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары ұлттық теңгеге арналған тақпақтарын мәнерлеп оқып, көрменің мазмұнымен танысты. Бұл іс-шара балалардың отансүйгіштік қасиетін дамытуға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және қаржылық сауаттылыққа баулуға бағытталды.
«Шоқан Уәлиханов-ұлт руханиатының     шамшырағы» атты кітап көрме
20
қараша
2025
«Шоқан Уәлиханов-ұлт руханиатының шамшырағы» атты кітап көрме
20 қараша күні мектеп кітапханасында «Шоқан Уәлиханов-ұлт руханиатының шамшырағы» атты кітап көрме ұйымдастырылып 7–11 сынып оқушыларының қатысуымен ұлы ғалым, этнограф, саяхатшы Шоқан Уәлиханов туралы дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында оқушылар ғалымның өмір жолы, ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі жайлы презентациялар жасап, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар жазушы С. Бегалиннің «Шоқан асулары» атты тарихи-танымдық кітабын оқыған оқушылар үзінділер оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
«Мектептегі бір күн» атты аудандық кәсіподақ ұйымдары арасында өткен сайыста  І о
12
қараша
2025
«Мектептегі бір күн» атты аудандық кәсіподақ ұйымдары арасында өткен
«Мектептегі бір күн» атты аудандық кәсіподақ ұйымдары арасында өткен сайыста біздің мектептің ұстаздары өз кәсібилігі мен шығармашылығын көрсетіп, І орынға ие болды! 🏆 Бұл жеңіс — ұжымымыздың бірлігі мен еңбегінің жемісі! 💪Барлық қатысқан ұстаздарға алғыс білдіреміз! 🌟Жаңа жеңістер мен шабытты сәттер көп болсын! 💐
№2 Педкеңес /педсовет №2
31
қазан
2025
№2 Педкеңес /педсовет №2
Педсовет №2   « Ценностно-ориентированное образование и воспитание» 1.  Итоги успеваемости за 1 четверть 2025-2026  уч. года. (зам  по  УР   Жогалбаева  Ж.А) 2.  «Сравнительный анализ оценок за конец 2024–2025 учебного года и за I четверть 2025–2026 учебного года по предметам  ( руководители   МО)  3. Выполнение ГОСО по учебным предметам за 1 чет.(зам   по  УР Садыкова  Ж.М.,Жогалбаева  Ж.А)  4. В ыполнение индивидуальных  учебных программ для учащихся с ООП .          (спец.педагог
📌 Мектеп ұжымында Президент Жолдауын талдау өтті
24
қыркүйек
2025
📌 Мектеп ұжымында Президент Жолдауын талдау өтті
📌 Мектеп ұжымында Президент Жолдауын талдау өтті Бүгін мектеп ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Жолдауда айтылған басым бағыттар мен негізгі міндеттерге ерекше назар аударылып, олардың білім беру саласындағы маңызы жан-жақты қарастырылды.