Бракеражды комиссияның мектеп асханасын тексеруі
Бүгін мектеп асханасында бракераждық комиссия жоспарлы тексеріс жүргізді. Тексеру барысында оқушыларға ұсынылатын тағамдардың сапасы, тамақ өнімдерінің сапа сертификаттарының болуы және асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы қаралды. Комиссия мүшелері асхананың жұмыс барысын бақылап, тамақтану талаптарының орындалуын тексерді.