«Адал азамат қалыптастырудағы Бауыржан Момышұлының тұлғалық рөлі»
Бүгін мектеп қабырғасында ел ертеңі – жас ұрпақтың бойында адалдық, патриоттық сана мен азаматтық жауапкершілік қалыптастыруды мақсат еткен әсерлі де мазмұнды қалалық семинар өтті. Шара «Адал азамат қалыптастырудағы Бауыржан Момышұлының тұлғалық рөлі» тақырыбында, ұлт қаһарманының 115 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Семинарға Алматы қаласының Бостандық, Жетісу, Алатау және Түрксіб аудандарының алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері, сондай-ақ Түрксіб ауданы ардагерлер алқасының