Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Кәсіптік бағдар беру" көрмесі
20
қараша
2025
"Кәсіптік бағдар беру" көрмесі
20-шы қараша күні "Атакент" кешенінде 9–11 сынып оқушыларына арналған ауқымды "Кәсіптік бағдар беру" көрмесі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп бітірушілерге болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу, жоғары оқу орындары туралы нақты әрі жан-жақты ақпарат беру. Көрмеге еліміздің әртүрлі қалаларынан келген көптеген университеттер, колледждер және білім беру орталықтары қатысты. Ұйымдар өздерінің білім бағдарламалары, грант мүмкіндіктері, оқу барысы, халықаралық алмасу
"Теңге күніне" орай кітап көрме
20
қараша
2025
"Теңге күніне" орай кітап көрме
Мектеп кітапханасында "Теңге күніне" орай кітап көрме ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар теңгенің шығу тарихы, ұлттық валюта туралы қызықты мағлұматтармен танысты. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары ұлттық теңгеге арналған тақпақтарын мәнерлеп оқып, көрменің мазмұнымен танысты. Бұл іс-шара балалардың отансүйгіштік қасиетін дамытуға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және қаржылық сауаттылыққа баулуға бағытталды.
«Шоқан Уәлиханов-ұлт руханиатының     шамшырағы» атты кітап көрме
20
қараша
2025
«Шоқан Уәлиханов-ұлт руханиатының шамшырағы» атты кітап көрме
20 қараша күні мектеп кітапханасында «Шоқан Уәлиханов-ұлт руханиатының шамшырағы» атты кітап көрме ұйымдастырылып 7–11 сынып оқушыларының қатысуымен ұлы ғалым, этнограф, саяхатшы Шоқан Уәлиханов туралы дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында оқушылар ғалымның өмір жолы, ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі жайлы презентациялар жасап, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар жазушы С. Бегалиннің «Шоқан асулары» атты тарихи-танымдық кітабын оқыған оқушылар үзінділер оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
"Жастар-бейбітшілік кепілі" тақырыбында 9 сынып оқушыларымен тренинг
20
қараша
2025
"Жастар-бейбітшілік кепілі" тақырыбында 9 сынып оқушыларымен тренинг
2025 жылдың 15-25 қараша аралығында "Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік" аясында 20.11.2025 жылы "Жастар-бейбітшілік кепілі тақырыбында 9 сынып оқушыларымен тренинг өткізілді. Оқушыларға төзімділік (толеранттылық), өзара сыйластық, келіссөз жүргізу және жанжалды бейбіт жолмен шешу дағдыларын, сонымен қатар мектептегі буллингті болдырмау, буллингтен қорғану жолдарын үйрету болды.