Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Тәуелсіздік - тұғырым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
10
желтоқсан
2025
«Тәуелсіздік - тұғырым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мектеп кітапханасында жалпы оқырман қауымға 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік - тұғырым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, – Тәуелсіздік күнінің маңызын, еліміздің бүгіні мен болашағын терең тарихымызбен байланыстыра отырып насихаттау.
Педагогикалық шеберлікті арттыру: Авторлық бағдарламалар  мен тәжірибе алмасу”
10
желтоқсан
2025
Педагогикалық шеберлікті арттыру: Авторлық бағдарламалар мен
Аттестатталушы педагогтердің авторлық бағдарламалары негізінде педагогикалық тәжірибені тарату, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған инновациялық әдіс-тәсілдермен таныстыру, мұғалімдер арасында кәсіби ынтымақтастық пен өзара қолдауды нығайту, жаңа идеяларды енгізу және мектептер арасында тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету. Зум конференцияда келесі ұстаздар авторлық бағдарламасымен таныстырып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. 1. Кожабекова Айбану
"Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым!"
10
желтоқсан
2025
"Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым!"
"Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай 3 "А" сыныбында "Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым!" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар тәуелсіздікке арнап тақпақ, өлең жолдарын арнап, қойылым көрсетті. Сынып жетекшісі: Шодярова М. А.Тәуелсіздігіміз тұғырлы, халқымыздың рухы қашанда биік болсын! Тәуелсіздік күні құтты болсын!
«Адал ұстаз» қалалық байқауы
10
желтоқсан
2025
«Адал ұстаз» қалалық байқауы
№59 мектеп-гимназиясында өткен «Адал ұстаз» қалалық байқауының аудандық кезеңінде мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бахдаулетова А.Б. жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды 🎓👏 Әріптесімізді шын жүректен құттықтай отырып, қалалық кезеңде сәттілік тілейміз!
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты
09
желтоқсан
2025
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты
2025 жылдың 9шы желтоқсанында Түрксіб ауданының орта мектеп оқушылары Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтына экскурсияға барды. Бұл іс-шара әскери-патриоттық тәрбие беру және жас ұрпақты Отанға қызмет етуге ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар институттың оқу орнының тарихы, даму бағыттары және оқу-материалдық базасымен танысты. Сонымен қатар, олар институт қабырғасында қызмет ететін әскери мамандармен кездесіп, офицерлердің
№49 ЖББ мектепте Түрксіб ауданы мұғалімдері арасында педагогикалық идеялар байқауы өтті.
09
желтоқсан
2025
№49 ЖББ мектепте Түрксіб ауданы мұғалімдері арасында педагогикалық
№49 ЖББ мектепте Түрксіб ауданы мұғалімдері арасында педагогикалық идеялар байқауы өтті. Байқауға біздің мектебіміздің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жағалбаева Ж.А. қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Қамқорлық жәрмеңкесі»
09
желтоқсан
2025
«Қамқорлық жәрмеңкесі»
Мектебімізде «Қамқорлық жәрмеңкесі» ұйымдастырылып өткізілді. Бұл мектеп қауымдастығының (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар) бірігіп, қайырымдылық және әлеуметтік маңызы бар мақсаттарға қаражат жинау үшін ұйымдастырылған іс-шара. Оқушылар өз қолдарымен жасаған тағамдарды сатты. •Негізгі Мақсаты: Белгілі бір мұқтаж адамға, отбасына, әлеуметтік топқа, мектептің өзін жақсартуға қаржылық көмек көрсету. •Сипаты: Бұл оқушыларға мейірімділік, жанашырлық, әлеуметтік жауапкершілік және ұйымдастыру
"Діни экстремизм және терроризм"
08
желтоқсан
2025
"Діни экстремизм және терроризм"
Алматы қаласы Түрксіб ауданы №74 ЖББМ оқушыларына "Діни экстремизм және терроризм" туралы бейнероликтер көрсетілді В рамках повышения информированности учащихся об угрозах совершения актов и терроризма и формирования антитеррористического сознания, для учащихся был организован показ видеороликов и проведены информационно-разъяснительные занятия