12
қаңтар
2026
«Мен болашақта кім боламын?» челлендж
2026 жылғы 12 қаңтар күні бастауыш сынып оқушылары арасында «Мен болашақта кім боламын?» атты челлендж ұйымдастырылып, бейнеролик түсірілді. Челлендждің мақсаты – оқушылардың болашақ мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру, армандары мен мақсаттарын айқындауға ықпал ету, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту.
Челлендж барысында оқушылар өздерінің болашақта кім болғысы келетінін айтып, таңдаған мамандықтарының маңыздылығы жөнінде қысқаша ой бөлісті. Балалар дәрігер, мұғалім, полиция қызметкері, ғарышкер, спортшы және басқа да түрлі мамандықтарды атап өтті. Әрбір оқушы өз арманына жету үшін білім алудың маңызын түсінетінін көрсетті.
Аталған іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзіне деген сенімділігін арттыруға және болашаққа оң көзқарас қалыптастыруға септігін тигізді.