Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
қараша
2025

«Ән ғұмыр» музыкалық шығармашылық концерті

«Адал азамат» бағдарламасы аясында 9 «А» сыныбы оқушылары «Ән ғұмыр» музыкалық шығармашылық концертінде белгілі әнші, өнер майталманы Нұржан Жанпейісовпен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылар қазақ музыка өнерінің ерекшеліктері, кәсіби әнші болудың талаптары мен шығармашылық жолдың қыр-сыры туралы тың мәліметтер алды.

Шара оқушылардың өнер саласына деген қызығушылығын арттырып, музыкалық бағыттағы кәсіби бағдар жұмыстарын жүзеге асыруға зор ықпал етті. Нұржан Жанпейісов жасөспірімдерге шығармашылықпен айналысу, өзін-өзі дамыту, сахна мәдениеті және болашақ мамандықты дұрыс таңдау туралы құнды кеңестер берді.

Оқушылар концерттік бағдарламаны тамашалап қана қоймай, сұрақтар қойып, кәсіби музыканттың тәжірибесімен танысуға мүмкіндік алды. Бұл кездесу олардың өнер саласындағы болашақ мүмкіндіктерін кеңейтіп, мамандық таңдауға деген жауапкершілігін нығайтты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: