Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
ақпан
2026

«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» атты қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылды.

Бүгін мектебімізде 6–7 сынып оқушылары үшін өте маңызды әрі тағылымы мол «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» атты қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылды.

Сабақтың басты мақсаты – интернеттің тек қызық пен ақпарат көзі ғана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік пен сақтықты талап ететін кеңістік екенін түсіндіру болды.

Сабақ барысында оқушылармен еркін пікір алмасу форматы таңдалды. «Интернеттегі бейтаныс адамнан хат келсе, не істейсіз?» деген қарапайым сұрақтан басталған әңгіме кибербуллинг, фишинг және жеке деректерді қорғау сияқты күрделі тақырыптарға ұласты. Оқушылар өз бастарынан өткен немесе естіген оқиғаларын ортаға салып, интернет алаяқтарының құрығына түспеу жолдарын бірге талқылады.

Әсіресе, «Цифрлық із» тақырыбы балалардың үлкен қызығушылығын тудырды. Желіге бір рет жүктелген сурет немесе жазылған пікір ешқашан жойылмайтыны, ол адамның болашақ мансабына әсер етуі мүмкін екені туралы ойлар айтылды.

Сабақ соңында оқушылар виртуалды әлемде өзін қалай ұстау керектігі бойынша нақты кеңестер алып, «екі факторлы қорғау» орнатуды үйренді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: