24
желтоқсан
2025
«Бір тұтас ел – бір тұтас жер» тақырыбы аясында 10–11 сынып оқушыларына арналған ерлік сабағы өткізілді
2025 жылғы 24 желтоқсанда қазақ халқының даңқты қолбасшысы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына және «Бір тұтас ел – бір тұтас жер» тақырыбы аясында 10–11 сынып оқушыларына арналған ерлік сабағы өткізілді.
Іс-шараны Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери институтының өкілдері ұйымдастырып, өткізді. Ерлік сабағының негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, батырлар ерлігін насихаттау, әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіру және оқушыларға кәсіби бағдар беру болды.
Сабақ барысында Бауыржан Момышұлының өмір жолы, әскери ерлігі, ел тәуелсіздігін қорғаудағы еңбегі туралы кеңінен мағлұмат берілді. Сонымен қатар, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери институтында білім алу мүмкіндіктері, қабылдау талаптары, әскери мамандықтардың ерекшеліктері жөнінде ақпарат ұсынылды.
Іс-шараға қатысқан оқушылар белсенділік танытып, қойылған сұрақтарына нақты жауаптар алды. Ерлік сабағы жасөспірімдердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, болашақ мамандықты таңдауда әскери қызметке қызығушылықтарын оятты.