18
ақпан
2026
"UIB" университеті өкілдерімен кездесу
Бүгін мектебімізге UIB университеті өкілдері келіп, 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында университет мамандары оқу орнының білім беру бағдарламалары, мамандық түрлері, оқу ақысы, грант мүмкіндіктері, академиялық ұтқырлық бағдарламалары және студенттік өмір туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар, талапкерлерге құжат тапсыру ережелері мен қабылдау талаптары түсіндірілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі толық жауаптар алды.
Кездесу барысында көктем мезгілінде өтетін «Бизон» зияткерлік конкурсы туралы да ақпарат беріліп, аталған байқаудың шарттары мен ерекшеліктері таныстырылды. Университет өкілдері оқушыларды белсенді қатысуға шақырып, бұл конкурс білім деңгейін сынап көруге және қосымша мүмкіндіктерге ие болуға жол ашатынын атап өтті.
Аталған кәсіби бағдар беру жұмыстары оқушылардың болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауына бағыт-бағдар беріп, жоғары оқу орындары туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етті.