Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Менің  отбасым-менің  мақтанышым"  сурет  байқауы
11
қыркүйек
2025
"Менің отбасым-менің мақтанышым" сурет байқауы
Отбасы  күніне   орай  ұйымдастырылған  жоспар  аясында 5-6  сыныптарда "  Менің отбасым-менің  мақтанышым" атты   сурет  байқауы  өтті. 
"Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы"
10
қыркүйек
2025
"Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы"
Балалар кітапханасы аясында *"Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы"* атты *«Бір мақал, бір тәтті»* акциясы өткізілді. Іс-шара Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылып, оқушылар мен кітапхана оқырмандарының белсенді қатысуымен өтті. *Мақсаты:*   – Мемлекеттік тілді құрметтеу, тіл мәдениетін дәріптеу;   – Ұлттар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту;   – Балалардың тіл байлығын арттыру, халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ояту. Акция барысында балалар қазақтың
Сергіту сәті
09
қыркүйек
2025
Сергіту сәті
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 22 тамыздағы №3-05-4/5704-И хаты негізінде, 2025 жылғы 10 қыркүйекте №74 жалпы білім беретін мектепте оқу күні дене шынықтыруға арналған 3 минуттық жаттығу өткізілді. Іс-шара барлық сыныптарда (1–11) ұйымдастырылып, бекітілген бейнематериалдар мен музыкалық сүйемелдеу бойынша жүзеге асырылды. Жаттығу оқушылардың дене белсенділігін арттыру және оқу процесіне сергек күйде кірісу мақсатында жүргізілді.
“Жолда жүру ережелері” 5-сыныптарда сынып сағаты
08
қыркүйек
2025
“Жолда жүру ережелері” 5-сыныптарда сынып сағаты
🚦 5-сыныптарда «Жолда жүру ережелері» тақырыбында сынып сағаты өтті. Шара барысында оқушыларға жолда жүрудің негізгі қағидалары, жаяу жүргіншілердің міндеттері мен қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. 👦👧 Балалар түрлі жағдаяттар арқылы өз білімдерін пысықтап, қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын бекітті.
"Жанұям қорғаным, ата-анам тірегім" сынып сағаты
08
қыркүйек
2025
"Жанұям қорғаным, ата-анам тірегім" сынып сағаты
✨ «Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім» тақырыбында сынып сағаты өтті. Бұл шара «Адал азамат – біртұтас Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. 📚 Сынып сағаты барысында оқушылар отбасының адам өміріндегі маңызы, ата-анаға құрмет пен сүйіспеншілік, жанұядағы сыйластық құндылықтары туралы ой бөлісті.
Ұлттық киім күні
05
қыркүйек
2025
Ұлттық киім күні
Әр жұма – ұлттық рухты дәріптейтін күн 🌿 Мектебімізде әр апта сайын жұма күні ерекше мәнге ие. Бұл күн – “Ұлттық киім күні” болып белгіленген. Оқушыларымыз мен ұстаздарымыз қазақы нақыштағы киімдерін киіп, ұлттық дәстүрімізді ұлықтауға үлес қосады. Мұндай игі бастама жас ұрпақтың бойына елдік рухты, ұлттық болмысты сіңіріп, тарих пен мәдениетке деген құрметін арттырады.
Ұлттық ойындар
05
қыркүйек
2025
Ұлттық ойындар
“Ұлттық ойын” Әр үлкен қоңырауда балаларға ұлттық ойындар ұйымдастырылады. «Асық ату», «Арқан тарту», «Тоғызқұмалақ”, “Бес тас” сынды қызықты ойындар оқушылардың бос уақытын көңілді өткізіп қана қоймай, олардың шапшаңдық, ептілік, бірлік пен достыққа деген ықыласын арттырады. Бұл дәстүр – жас буынның бойында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұлттың мәдениеті мен тарихына сүйіспеншілікті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.
«Абайлаңыз, балалар!» акциясы
04
қыркүйек
2025
«Абайлаңыз, балалар!» акциясы
Алматы қаласы Патрульдік полиция полкінің аға инспекторы, полиция капитаны Тұрғаналы С.А. мен инспектор, полиция старшинасы Белгибаев М.Б. №74 жалпы білім беретін мектептің 1-сынып оқушыларымен «Абайлаңыз, балалар!» акциясы аясында кездесу өткізді. Шара барысында оқушыларға жолда жүру ережелері түсіндіріліп, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту тәсілдері тәжірибе жүзінде көрсетілді. Бұл акцияның негізгі мақсаты – жас жеткіншектердің жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды тәртіпке,
Құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік, буллингтің алдын алу және кәмелетке толмағандардың әкімшілік-қылмыстық жауапкершілігі туралы  түсіндірме  жұмыстары
03
қыркүйек
2025
Құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік, буллингтің алдын алу және
📌 03.04.2025 ж. №74 мектептің 8–11 сынып оқушыларымен учаскелік полиция инспекторы, мектеп директоры Р.А. Батырбекова, директррдың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп психологы және мектеп инспекторы бірлесе түсіндірме жұмыстары жүргізді. 👮‍♂️ Оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік, буллингтің алдын алу және кәмелетке толмағандардың әкімшілік-қылмыстық жауапкершілігі туралы мәлімет берілді. Мақсат – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіпке баулу және
«Дерматомикоз бен педикулездің алдын алу шараларын күшейту шаралары» туралы   түсіндірме   лекция
03
қыркүйек
2025
«Дерматомикоз бен педикулездің алдын алу шараларын күшейту шаралары»
03.09.2025. мектеп медбикесі  Дүйсенбаева   С.Ж. және   директордың  тәрбие   ісі  жөніндегі   орынбасары  Жогалбаева  Ж.А.    мектеп оқушылары арасында «Дерматомикоз бен педикулездің алдын алу шараларын күшейту шаралары» туралы   түсіндірме    лекция  жүргізді.