16
ақпан
2026
«АКЖТ» колледжінің өкілдерімен кездесу
Бүгін мектебімізге «АКЖТ» колледжінің өкілдері келіп, 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында колледж мамандары оқу орнының тарихы, материалдық-техникалық базасы, білім беру бағдарламалары мен мамандық түрлері туралы кеңінен ақпарат берді.
Сонымен қатар, оқуға қабылдау талаптары, құжат тапсыру тәртібі, мемлекеттік грант мүмкіндіктері және оқу мерзімі түсіндірілді. Студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі, жұмысқа орналасу көрсеткіштері және дуальды оқыту жүйесінің артықшылықтары жөнінде мәліметтер айтылды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Кездесу барысында болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы атап өтіліп, кәсіби білім алудың артықшылықтары түсіндірілді.
Аталған кәсіби бағдар беру жұмыстары оқушылардың техникалық және кәсіптік білім беру саласы туралы түсініктерін кеңейтіп, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауына бағыт-бағдар берді.