06
сәуір
2026
"Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің" өкілдері тарапынан мектептің 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы толық ақпарат ұсыну және колледжде оқыту ерекшеліктерімен таныстыру болды.
Кездесу барысында колледж мамандары оқу орнының материалдық-техникалық базасы, білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары және студенттерге жасалатын мүмкіндіктер туралы кеңінен мәлімет берді. Сонымен қатар, түрлі мамандықтар бойынша бейнероликтер көрсетіліп, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, кәсіби бағыт таңдауда маңызды кеңестер ұсынылды. Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған мамандықтар туралы толық ақпарат алып, болашақ оқу орындарын таңдауға мүмкіндік алды.
Кәсіби бағдар беру жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды өтті