Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
наурыз
2026

Перспектива колледжінің өкілдері кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Бүгін, 2026 жылғы 02 наурыз күні, Перспектива колледжінің өкілдері мектепке келіп, 9-сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, колледжде оқытылатын мамандықтар туралы толық ақпарат ұсыну және кәсіптік білім берудің мүмкіндіктерімен таныстыру болды.

Кездесу барысында колледж мамандары оқушыларға Перспектива колледжінде жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары, оқуға қабылдау шарттары, оқу мерзімі, студенттердің тәжірибеден өту мүмкіндіктері, сондай-ақ оқу орнын аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы кеңінен мәлімет берді. Сонымен қатар колледждегі оқу үдерісі, материалдық-техникалық базасы және студенттердің жетістіктері жайлы да таныстырылым жасалды.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдау, оқу гранттары, оқу ақысы және студенттік өмір туралы қажетті ақпарат алды. Кездесу оқушылар үшін пайдалы әрі танымдық сипатта өтті.

Аталған кәсіби бағдар беру жұмыстары 9-сынып оқушыларының болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына және кәсіптік білім алуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: