23
ақпан
2026
Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжі кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Бүгін Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжі кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кәсіби бағдар беру іс-шарасының негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, колледж мамандықтары туралы толық ақпарат ұсыну және болашақ кәсіпке саналы түрде қадам жасауына ықпал ету болды.
Іс-шара барысында колледж мамандары оқу орнының тарихы, материалдық-техникалық базасы, білім беру бағдарламалары, дуалды оқыту жүйесі, өндірістік тәжірибе мүмкіндіктері және студенттердің жетістіктері туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар талапкерлерге сән индустриясы, тігін өндірісі, шаштараз өнері, визаж, қызмет көрсету және дизайн бағытындағы мамандықтардың ерекшеліктері түсіндірілді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Кәсіби бағдар беру жұмыстары оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, болашақ оқу орнын таңдауға оң әсерін тигізді.
Аталған іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды өтті.