24
ақпан
2026
Сағадат Нұрмагамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институты кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Бүгін Сағадат Нұрмагамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институты кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға әскери мамандықтың маңыздылығын түсіндіру, әскери-патриоттық тәрбие беру және әскери оқу орындарына түсуге бағыт-бағдар көрсету болды.
Кездесу барысында Түрксіб ауданы қорғаныс істері жөніндегі департаменті Тәрбие және идеологиялық жұмыс тобының бастығы, майор Доскен Еркебұлан Сьезбекұлы оқушылармен кездесу өткізіп, қазіргі таңда әскери институтқа оқуға түсу талаптары, құжат тапсыру тәртібі, оқу процесі мен әскери қызметтің артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар Отан алдындағы борыш, елге қызмет ету, патриоттық рухты қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Іс-шараға 9–10 сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Кәсіби бағдар беру жұмысы оқушылардың әскери мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауға ықпал етті.