07
сәуір
2026
Алматы қаласындағы "Архитектура, дизайн және инженерия колледжінің" өкілдері мектептің 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Алматы қаласындағы Архитектура, дизайн және инженерия колледжінің өкілдері мектептің 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға сәулет, дизайн және инженерия салалары бойынша мамандықтар туралы түсінік беру, олардың шығармашылық және техникалық қабілеттерін дамытуға бағыт көрсету, сондай-ақ болашақ мамандықты саналы таңдауға көмектесу болды.
Кездесу барысында колледж мамандары оқу орнының білім беру бағдарламалары, заманауи материалдық-техникалық базасы, оқу үдерісінің ерекшеліктері мен студенттерге жасалатын мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, сәулет және дизайн бағыттары бойынша жобалық жұмыстар мен студенттердің шығармашылық жетістіктері таныстырылды.
Оқушыларға мамандықтардың ерекшеліктері, еңбек нарығындағы сұранысы және оқу орнына түсу шарттары туралы толық мәлімет берілді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Аталған кәсіби бағдар беру жұмыстары оқушылардың болашақ мамандықты таңдауға деген қызығушылығын арттырып, олардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға ықпал етті.