16
наурыз
2026
"Алматы экономикалық колледжінің" өкілдерімен кездесу
2026 жылғы 16 наурыз күні мектепте 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында "Алматы экономикалық колледжінің" өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында колледж өкілдері оқушыларға өз оқу орындары туралы жан-жақты ақпарат берді. Атап айтқанда, колледждерде оқытылатын мамандықтар, оқу мерзімі, қабылдау талаптары, білім беру бағдарламалары, өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктері және оқу орнын тәмамдағаннан кейін жұмысқа орналасу жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар оқушыларға колледждердің материалдық-техникалық базасы, оқу үдерісі, студенттердің жетістіктері мен студенттік өмірі туралы таныстырылым көрсетілді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдау, оқу гранттары мен оқу ақысы туралы толық мәлімет алды.
Аталған кәсіби бағдар беру жұмыстары оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына бағыт-бағдар беріп, кәсіптік білім алуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.