Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
наурыз
2026

"Инновациялық техникалық колледжінің" өкілдерімен кездесу

2026 жылғы 9 наурыз күні мектепте 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Алматы қаласындағы "Инновациялық техникалық колледжінің" өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында колледж мамандары оқу орнында оқытылатын техникалық бағыттағы мамандықтар, білім беру бағдарламалары, оқу мерзімі және қабылдау талаптары туралы мәлімет берді. Сонымен қатар колледждің материалдық-техникалық базасы, студенттердің өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктері және оқу орнын аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.

Оқушылар колледждің білім беру мүмкіндіктерімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Кездесу оқушылардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар берді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: