Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7–8 сәуір аралығында "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" базасында Әзірбайджан Республикасы жоғары оқу орындарының білім беру көрмесі өтті.
08
сәуір
2026

7–8 сәуір аралығында "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" базасында Әзірбайджан Республикасы жоғары оқу орындарының білім беру көрмесі өтті.

7–8 сәуір аралығында "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" базасында Әзірбайджан Республикасы жоғары оқу орындарының білім беру көрмесі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар мен талапкерлерге шетелдік жоғары оқу орындары туралы кеңінен ақпарат беру, білім беру бағдарламаларымен таныстыру және болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру болды.

Көрме барысында Әзірбайжанның жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып, оқу бағдарламалары, қабылдау талаптары, гранттық мүмкіндіктер мен студенттік өмір туралы жан-жақты мәлімет ұсынды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілді.

Аталған көрмеге мектептің 10-сынып оқушылары да барып, белсенді түрде қатысты. Оқушылар шетелдік білім беру жүйесімен танысып, өздерінің болашақ мамандықтарын таңдауда маңызды мәліметтер алды. Сонымен қатар, олар жоғары оқу орындарының өкілдерімен тікелей байланыс орнатып, халықаралық білім алу мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейтті.

Іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға, білім көкжиегін кеңейтуге және халықаралық деңгейде білім алуға деген қызығушылықтарын арттыруға оң әсерін тигізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: