10
сәуір
2026
Almaty Polytechnic College-де кәсіби бағдар беру мақсатында ашық есік күні ұйымдастырылды.
Almaty Polytechnic College-де кәсіби бағдар беру мақсатында ашық есік күні ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға қала мектептерінің 9-сынып оқушылары қатысып, колледждің білім беру мүмкіндіктерімен танысып қайтты.
Іс-шара барысында оқушыларға оқу орнының мамандықтары, оқу процесі және заманауи материалдық-техникалық базасы туралы толық ақпарат берілді. Колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері түрлі бағыттар бойынша таныстырылымдар өткізіп, әр мамандықтың ерекшеліктерін түсіндірді. Сонымен қатар, оқушылар зертханалар мен шеберханаларды аралап, тәжірибелік жұмыстардың қалай жүргізілетінін өз көздерімен көрді.
Кәсіби бағдар беру аясында студенттер мен оқытушылар шеберлік сабақтарын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл оқушылардың техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, болашақ кәсібін дұрыс таңдауға бағыт берді.
Іс-шара соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қажетті мәліметтер алды. Мұндай кездесулер оқушыларға болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға үлкен мүмкіндік береді.