13
сәуір
2026
Алматы мемлекеттік бизнес колледжіне 9-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру мақсатында барып қайтты.
Алматы мемлекеттік бизнес колледжіне 9-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру мақсатында барып қайтты. Іс-шара барысында оқушылар оқу орнының қызметімен танысып, болашақ мамандықтарын таңдауға қажетті ақпарат алды.
Колледжге келген оқушыларды оқу орнының әкімшілігі мен оқытушылары қарсы алып, білім беру бағдарламалары, мамандықтар тізімі және оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы кеңінен мәлімет берді. Сонымен қатар, колледждің материалдық-техникалық базасы таныстырылып, заманауи кабинеттер, зертханалар мен оқу аудиториялары көрсетілді.
Оқушылар колледждегі түрлі бағыттар бойынша ұйымдастырылған таныстырылымдарға қатысып, бизнес, экономика, есеп және аудит сияқты мамандықтар жөнінде мағлұмат алды. Оқытушылар мен студенттер өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқу барысы мен өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктері туралы айтып өтті.
Шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Мұндай кәсіби бағдар беру іс-шаралары оқушылардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына, еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттарды түсінуіне үлкен ықпал етеді.
Аталған сапар оқушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды өтіп, олардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастыруға оң әсерін тигізді.