Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
сәуір
2026

«Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжі» КМҚК-да ашық есік күні ұйымдастырылды.

«Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжі» КМҚК-да ашық есік күні ұйымдастырылып, аталған іс-шараға 9-сынып оқушылары барып қайтты. Шараның негізгі мақсаты – оқушыларға колледждің білім беру бағыттарын таныстыру, мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру және қызмет көрсету саласына деген қызығушылықтарын арттыру болды.
Ашық есік күні барысында оқушыларды колледж әкімшілігі мен оқытушылар құрамы қарсы алып, оқу орнының тарихы, мамандықтар тізімі және оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, колледждің материалдық-техникалық базасы таныстырылып, заманауи оқу кабинеттері, шеберханалар мен зертханалар көрсетілді.
Іс-шара аясында студенттер мен өндірістік оқыту шеберлері түрлі бағыттар бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, сән индустриясы, тігін өндірісі, шаштараз өнері және қызмет көрсету саласының басқа да мамандықтары жөнінде тәжірибелік көрсетілімдер ұсынды. Оқушылар өз қолдарымен кейбір жұмыстарды орындап көріп, болашақ мамандықтарының қыр-сырын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық әрі нақты жауаптар алды. Ашық есік күні жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға үлкен әсер қалдырды.
Аталған іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға және еңбек нарығында сұранысқа ие салалармен танысуына зор ықпал етті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: