14
сәуір
2026
«Алматы ұлттық медициналық колледжі»9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
«Алматы ұлттық медициналық колледжі» профориентаторы мектепке келіп, 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға медициналық мамандықтардың ерекшеліктері туралы ақпарат беру және олардың болашақ кәсіби бағытын дұрыс таңдауына көмектесу болды.
Кездесу барысында профориентатор колледжде оқытылатын мамандықтар, оқу үдерісінің мазмұны, қабылдау талаптары және студенттердің тәжірибеден өту мүмкіндіктері туралы жан-жақты түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, медицина саласының маңыздылығы, жауапкершілігі жоғары мамандық екені және бұл бағытта жұмыс істеу үшін қажетті қасиеттер туралы айтылды.
Оқушыларға презентациялар көрсетіліп, колледждің материалдық-техникалық базасы, заманауи зертханалары мен оқу кабинеттері туралы мәлімет берілді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі толық жауаптар алды.
Іс-шара оқушылардың медицина саласына деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына бағыт берді. Мұндай кәсіби бағдар беру жұмыстары жасөспірімдердің жеке қабілеттерін анықтап, дұрыс шешім қабылдауына үлкен ықпал етеді.