14
сәуір
2026
«Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі» КМҚК-да ашық есік күні ұйымдастырылды
«Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі» КМҚК-да ашық есік күні ұйымдастырылып, оған 9-сынып оқушылары қатысып қайтты. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды туризм және қонақжайлылық саласындағы мамандықтармен таныстыру, олардың болашақ кәсіби бағытын анықтауға көмектесу болды.
Ашық есік күні барысында колледж әкімшілігі мен оқытушылар құрамы оқушыларды қарсы алып, оқу орнының білім беру бағдарламалары, мамандықтар тізімі және оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы толық мәлімет берді. Сонымен қатар, колледждің материалдық-техникалық базасы таныстырылып, оқу кабинеттері, зертханалар және тәжірибелік сабақ өтетін арнайы аудиториялар көрсетілді.
Іс-шара аясында студенттер мен оқытушылар туризм, қонақ үй ісі, мейрамхана қызметі бағыттары бойынша таныстырылымдар өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылар қызмет көрсету мәдениеті, клиенттермен жұмыс істеу дағдылары және саладағы заманауи талаптар туралы ақпарат алды.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды. Ашық есік күні жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды.
Аталған іс-шара оқушылардың туризм және қонақжайлылық саласына деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына бағыт берді.