Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
сәуір
2026

"KazGASA" колледжінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында "KazGASA" колледжінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында колледж мамандары оқу орны туралы толық ақпарат беріп, ұсынылатын мамандықтар, оқу шарттары, қабылдау талаптары және болашақтағы жұмыс мүмкіндіктері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Оқушыларға әртүрлі мамандықтардың ерекшеліктері таныстырылып, олардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес дұрыс таңдау жасауға бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Аталған іс-шара оқушылардың мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттырып, болашаққа саналы түрде қадам жасауына ықпал етті. Алдағы уақытта да осындай кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру ұсынылады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: