18
мамыр
2026
UIB College колледжінің өкілдері келіп, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Бүгін 9-сынып оқушыларына UIB College колледжінің өкілдері келіп, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға колледждегі білім беру бағдарламалары, мамандықтар, оқу шарттары және қабылдау ережелері туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар қазіргі таңда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар жайында айтылып, болашақта дұрыс мамандық таңдаудың маңыздылығы түсіндірілді.Колледж мамандары оқу орнындағы студенттік өмір, тәжірибелік сабақтар, түрлі жобалар мен мүмкіндіктер туралы да айтып өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Кездесу барысында белсенділік байқалып, оқушылар мамандық таңдау жөнінде пайдалы ақпаратпен танысты.
Аталған кәсіби бағдар беру жұмыстары оқушылардың болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттырып, оларға бағыт-бағдар беруге ықпал етті.