20
мамыр
2026
АКМиСО колледжі өкілдері келіп, 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Бүгін АКМиСО колледжі өкілдері келіп, 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға болашақ мамандық таңдауға бағыт беру, колледждегі білім беру мүмкіндіктерімен таныстыру және кәсіби білімнің маңызын түсіндіру болды.
Кездесу барысында колледж мамандары оқу орны туралы толық ақпарат беріп, колледжде оқытылатын мамандықтар, оқу формасы, қабылдау ережелері, студенттерге жасалатын жағдайлар мен түрлі мүмкіндіктер жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға тоқталып, әр мамандықтың ерекшеліктерін түсіндірді.
Оқушылар колледж өмірі, оқу ақысы, грант мүмкіндіктері, жатақхана және болашақта жұмысқа орналасу жайлы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Кездесу барысында оқушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдау туралы кеңестер берілді.
Іс-шара оқушылар үшін өте пайдалы әрі әсерлі өтті. Оқушылар болашақ мамандықтары туралы ой бөлісіп, өздеріне қажетті көптеген мәліметтер алды.