Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
сәуір
2026

«Алматы сервис және технологиялар колледжінде» ашық есік күні ұйымдастырылды.

«Алматы сервис және технологиялар колледжінде» ашық есік күні ұйымдастырылып, аталған іс-шараға 9-сынып оқушылары барып қайтты. Шараның негізгі мақсаты – оқушыларды колледждің білім беру бағыттарымен таныстыру, мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру және техникалық әрі қызмет көрсету салаларына қызығушылықтарын арттыру болды.

Ашық есік күні барысында оқушыларды колледж әкімшілігі мен оқытушылар құрамы қарсы алып, оқу орнының мамандықтары, оқу үдерісі және білім беру мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, колледждің материалдық-техникалық базасы таныстырылып, заманауи оқу кабинеттері, зертханалар мен шеберханалар көрсетілді.

Іс-шара аясында студенттер мен өндірістік оқыту шеберлері түрлі бағыттар бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, аспаздық өнер, сервис, технологиялық процестер және басқа да мамандықтар бойынша тәжірибелік жұмыстар ұсынды. Оқушылар кейбір жұмыстарға қатысып, өз қабілеттерін байқап көруге мүмкіндік алды.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық әрі нақты жауаптар алды. Ашық есік күні жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға жағымды әсер қалдырды.

Аталған іс-шара оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына, еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттармен танысуына және өз қызығушылықтарын анықтауына үлкен ықпал етті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: