Алматы қаласы Білім басқармасының
«С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 29-45-840
Есепші бөлімі:
+7(72) 29-43-221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
сәуір
2026

«Алматы электромеханикалық колледжінде» ашық есік күні ұйымдастырылды.

«Алматы электромеханикалық колледжінде» ашық есік күні ұйымдастырылып, аталған іс-шараға 9-сынып оқушылары барып қайтты. Шараның негізгі мақсаты – оқушыларды техникалық мамандықтармен таныстыру, олардың болашақ кәсіби бағытын анықтауға көмектесу және колледждің білім беру мүмкіндіктері туралы толық ақпарат беру болды.

Ашық есік күні барысында оқушыларды колледж әкімшілігі мен оқытушылар құрамы қарсы алып, оқу орнының мамандықтары, оқу үдерісінің ерекшеліктері және қабылдау талаптары туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, колледждің материалдық-техникалық базасы таныстырылып, заманауи зертханалар, оқу кабинеттері мен шеберханалар көрсетілді.

Іс-шара аясында студенттер мен өндірістік оқыту шеберлері электротехника, механика және автоматтандыру бағыттары бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, тәжірибелік жұмыстарды көрсетті. Оқушылар құрылғылардың жұмыс істеу принциптерімен танысып, кейбір тапсырмаларды орындап көруге мүмкіндік алды.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Ашық есік күні мазмұнды әрі қызықты өтіп, оқушыларға үлкен әсер қалдырды.

Аталған іс-шара оқушылардың техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт берді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: