"Кәсіптік бағдар беру" көрмесі
20-шы қараша күні "Атакент" кешенінде 9–11 сынып оқушыларына арналған ауқымды "Кәсіптік бағдар беру" көрмесі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп бітірушілерге болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу, жоғары оқу орындары туралы нақты әрі жан-жақты ақпарат беру. Көрмеге еліміздің әртүрлі қалаларынан келген көптеген университеттер, колледждер және білім беру орталықтары қатысты. Ұйымдар өздерінің білім бағдарламалары, грант мүмкіндіктері, оқу барысы, халықаралық алмасу